«2000 мектеп» жобасы өз жемісін беруде | arainews.kz

«2000 мектеп» жобасы өз жемісін беруде

201

Кадрлық дефицит барлық салада бар. Мамандар тапшылығы жол саласында айналып өткен жоқ. Әйтсе де, бұл олқылықтың орнын толтыру мақсатында ілкімді істер қолға алынған. Мәселен, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығының» Бас Директоры Замир Садықұлының бастамасымен оқу орындары мен өндіріс арасында тығыз байланыс орнатуды көздеп «2000 мектеп» мектеп жобасы жемісті жүзеге асырылуда. Бұған дейін «1000 мектеп» бағдарламасы іске қосылғанын ескерсек, бұл жобаның берері мол екенін терең түсінеміз.

Жемісті шоба аясында «Жол активтері сапасының ұлттық орталығының» өңірлік филиалының қызметкерлері де оқу орындарына арнайы атбасын бұрды. Нақтырақ айтқанда, жолшылар өткен жыл ішінде 120 білім ошағына барып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген. Сондай-ақ жасөспірімдердің бұл салаға деген қызығушылығын арттыру үшін «Ашық есік» күндері ұйымдастырылған. Бұл тұста мектеп оқушылары филиалдың жұмысымен етене танысып, қиындығы мен қызығы қатар жүретін сала қызметкерлерімен тілдесті. Ең негізгісі, Әзиз Мұратов, Николай Павлов, Юсуф Чауш-Оглы мен Роман Ковалев сынды түлектер келешекте бұл саланың тізгінін ұстауға ниетті екендіктерін білдірді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.