Мешіт имамы жазасын өтеушілермен кездесті | arainews.kz

Мешіт имамы жазасын өтеушілермен кездесті

127

Тараз қаласындағы «Фирдаус» мешітінің бас имамы Алмас Кенжемолдаев Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №25 мекемесіне барып, жазасын өтеушілер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында имам «Мазхабтар тарихы» тақырыбында дәріс оқыды. Сондай-ақ қазақ халқының салт-дәстүрі ислам дінімен ұштасып, шариғат үкімдерімен сабақтасып жатқандығын тілге тиек етіп, тұщымды ойларымен бөлісті.

Жиын дін маманы  сотталған азаматтарды толғандырған мәселе төңірегінде сұрақтарына жауап берді. Мамандар мұндай кездесулердің тиімділігін және дін аралық татулықтың әрдайым маңызды фактор екендігін жеткізді. Осындай іс-шаралардың алдағы уақытта сотталғандарды дәстүрлі дінді насихаттай отырып оның маңыздылығын, әлі де осындай түсіндірме жұмыстары ұйымдастырлатынын айтып өтті.

Өңіріміздің дін қызметкерлері жергілікті түзету мекемелеріндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келе жатқандығын айта кеткеніміз жөн.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.