Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде халыққа арнаған с атты Жолдауында қаңтар оқиғасына қатысқандарға бір реттік рақымшылық жасау туралы шешім қабылдағанын мәлімдеген болатын. Осыған сәйкес, осы жылдың 2 қарашасы күнгі Қазақстан Республикасының «Рақымшылық жасау туралы» № 152-VII Заңы қабылданып, оның аяындағы жұмытар басталып та кетті. Осылайша, өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты №25 мекемесінде жазасын өтеп жатқан 2 отталған бостандыққа шығарылды.
Айта кетейік, аталмыш Заң Президент Жолдауындағы ізгілік идеясының негізінде, яғни қаңтар оқиғаларына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жасау туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленді. Бұл – тәуелсіз Қазақстан тарихында жарияланған оныншы рақымшылық болса, нақты бір оқиғаға байланысты, яғни ситуациялық мұндай заң елімізде тұңғыш рет қолданылып отыр.
Бұл – бүкіл қоғам күткен оң қадам еді. Өйткені рақымшылық жасау – адамгершіліктің ғана емес, мемлекеттің қоғамға, халыққа деген үлкен сенімінің бір көрінісі. Бұл жөнінде Президенттің өзі: «Біз адамгершілік таныта отырып, осы қайғылы оқиғадан тиісті қорытынды жасаймыз. Мұндай жағдай енді ешқашан қайталанбайды. Бұған жол бермейміз», деді.
Заңға сәйкес теріс қылық, ауырлығы төмен және орташа қылмыс жасағандар жазадан толық босатылады. Ал жазасын өтеп шыққандардан соттылық алынады. Бұдан бөлек, ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасағандарға жаза мерзімін қысқарту көзделген. Атап айтқанда, ауыр қылмыстар үшін сот тағайындаған мерзімнің төрттен үш бөлігі, ал аса ауыр қылмыстар үшін жазаның жартысы қысқарады. Егер сотталған тұлғаның жазаны өтеу мерзімі бір жылдан аз болса, онда ол толық босатылады.