Қаржы қызметкерлері – құрмет құшағында | arainews.kz

Қаржы қызметкерлері – құрмет құшағында

433

1993 жылы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге айналымға енгізілді. 1997 жылдан бері Президент Жарлығымен 15 қараша – ұлттық теңге әрі қаржыгерлер күні ретінде аталып өтуде. Ұлттық валютамыздың өмірге келгеніне биыл  29 жыл толып отыр.

Осыған орай Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінде салтанатты жиын өтті. Салтанатты шарада сөз алған мекеме бастығы, әділет подполковнигі Ерлан Оразгелдиев сала мамандарын кәсби мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

– Төл теңгеміз – ел егемендігінің символы. Халқымыз тәуелсіздік алғаннан кейін, жаңа экономикалық бағытқа бет бұрды. Ел экономикасын дамыту туралы сөз болғанда, оның күре тамыры қаржы жүйесін айналып өту мүмкін емес. Себебі қаржыгерлердің қатысуынсыз бірде-бір саланың дамуын көзге елестету қиын. Ұлттық валюта айналымға енгізілумен нарыққа түбегейлі жол ашылды, экономиканы қалыпқа келтіру жолында республиканың қаржы жүйесі құрылды және қалыптасты. Қазіргі заман талаптарына сәйкес, қаржы институтының қызметін жетілдірілуде. Осы өзгерістердің басында  қаржы қызыметкерлерінің бірнеше буыны тұрды. Осы ретте қаржы саласының мамандарына алғысымыз шексіз, – деген Ерлан Ділдәбекұлы мекеме қаржымен қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлерін марапаттады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.