Босатылған азамат мекеме қызметкерлеріне алғысын білдірді | arainews.kz

Босатылған азамат мекеме қызметкерлеріне алғысын білдірді

4 564

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты №25 мекемеден сотталған И. М. жаза мерзімінің аяқталуына байланысты бостандыққа шықты. Босатылған азамат мекеме қызметкерлеріне алғысын білдірді. Сондай ақ мекемеде өз жазасын өтеп, ендігі өмірін жаңадан жалғастыруына сөз берді. Мекемеден сотталғанға Алматы қаласына дейін жолақысы төленіп, қолына билеті берілді. Сонымен қатар Алматы қаласының жұмыспен қамту орталығына сотталған И. М. босатылғанын және де жұмысқа мұқтаж екендігі туралы хабарлама жіберілді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.