Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Еркін Үсенұлы Нұрбаев департаментке қарасты №25 мекемесінде 9 айдың қорытындысы бойынша жедел кеңес өткізді.
Жедел кеңесте 9 айда атқарылған жұмыс нәтижелері, жеке құрам және сотталғандарға қатысты өзекті мәселелерді талқылаған департамент бастығының орынбасары жеке құрамға алдағы кезек күттірген жұмыстарға қатысты нақты тапсырмаларды берді.
Жедел кеңесті қорытындылаған Еркін Үсенұлы мекемеде сотталғандарды жұмыспен қамту, олармен тәрбиелік жұмыстарды жиі жүргізу, медициналық, психологиялық көмек бойынша жұмыстарды жандандыруды жүктеп, өзге де міндеттер бойынша тиісті жұмыстарды атқару қажеттігін еске салды.