Имандылық жолындағы сотталғандарға діннің негіздерін үйрету мақсатында Қылмыстық атқару жүйесі комитеті дәстүрлі діни бірлестіктермен өзара байланыс жасап, темір тордағы жазасын өтеушілерге діни дәрістер беру, уағыз айту секілді игі жұмыстарды ұйымдастырып келеді.
Осы орайда Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты № 25 мекемесінде жазасын өтеп жатқан 20 азамат Тараз қалалық «Фирдаус» мешітінің имамы Алмас Кенжемолдаевпен кездесті. Сұхбат барысында діни басқарма өкілі сотталғандарға Ислам діні туралы толық түсінік беріп, сұрақтарына жауап берді.