Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/2 мекемесінің жасақтары арасында спорттық іс-шаралар өтті.
Жазасын өтеушілер спорт түрлерінен өзара сайысқа түсіп, кім мықтыны анықтады. Тартысты өткен жарыста сотталғандар бір-біріне дес бермеді. Десе де, жарыс бар жерде жеңіс те, жеңіліс те болатыны анық. №2 жасақтың сотталғандары алдарына жан салмай, өздерінің мықтылығын дәлелдеп, бірінші орынға ие болса, 2-ші және 3-ші орынды №4 және №7 жасақтар өзара бөлісті. Осы іс-шараға белсенді қатысып, жүлделі орын алған жеңімпаздарға мекеме басшылығының атынан грамоталар табысталды.
Айта кетейік, аталған мекемеде мұндай спорттық сайыстар дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұрады. Мұндағы мақсат – салауатты өмір салтын қалыптастыру, жазасын өтеушілердің спортқа деген қызығушылығын арттыру, белсенділігін көтеру.