Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды | arainews.kz

Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды

9 225

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовті қамауға алу мерзімі 6 маусымға дейін ұзартылды деп хабарлады turkystan.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасарлары Әнуар Садықұловтың қамауға алу мерзімі де 6 маусымға дейін, Дәулет Ерғожиннің қамау мерзімі 13 маусымға дейін ұзартылды», – делінген ҰҚК таратқан хабарламада.

Еске салсақ, Кәрім Мәсімов пен оның орынбасары Әнуар Садықұлов 8 қаңтарда ұсталды. 13 қаңтарда билікті күштеп басып алуға бағытталған әрекеттер фактілері бойынша тергеу басталды.

Кәрім Мәсімовтің ісін Қылмыстық кодекстің «Пара алу, билікті және өкілеттікті асыра пайдалану», сондай-ақ «Мемлекетке опасыздық жасау» деген бірнеше бабы бойынша тергеп жатыр. Қылмыстық іс «аса құпия» тәртібі бойынша тергеу басталған.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.