Қазақ газеттері жойыла ма?: журналист-публицист Төлен Тілеубайдың жаңа кітабы шықты | arainews.kz

Қазақ газеттері жойыла ма?: журналист-публицист Төлен Тілеубайдың жаңа кітабы шықты

1 260

3 сәуір күні Ұлттық академиялық кітапханада журналист Төлен Тілеубайдың «Цифрлық жолайрық: Қазақстан газеттерінің бүгіні мен ертеңі» атты кітабының тұсаукесері өтті деп хабарлады turkystan.kz.

«Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі «ELORDA AQPARAT» ЖШС-нің қолдауымен ұйымдастырған тұсаукесерді Парламент Сенаты төрағасының кеңесшісі Бибігүл Жексенбай құттықтау сөзімен ашты.

Кітаптың тұсауын кесуге Парламент депутаттары – Нұртөре Жүсіп, Жанарбек Әшімжан, белгілі журналист Сәуле Мешітбайқызы, Astana aqshamy газетінің бас редакторы Еркін Қыдыр, журналистика факультетінің ұстазы, филология ғылымдарының кандидаты Мұратбек Тоқтағазин шақырылды. Сондай-ақ, БАҚ басшылары, зиялы қауым өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары және студенттері қатысты.

 

Туынды журналистика, PR мамандықтары бойынша оқитын студенттерге, магистранттарға, докторанттарға, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ғылыми қызметкерлерге, медиа коммуникация мәселелері қызықтыратын көпшілікке арналған.

«Төлен Тілеубайдың «Цифрлық жолайрық: Қазақстан газеттерінің бүгіні мен ертеңі» деген кітабы – зерделі еңбек. БАҚ саласы қызметкерлері мен журналистика факультеттерінің студенттері үшін де керек кітап! Шын мәнінде, біз жолайрықта тұрмыз: қазақ газеттері бола ма, жоқ бордай тоза ма? Жауабын білгіңіз келсе, Төлен Тілеубайды оқыңыз! Болашаққа болжам жасау қиын, әрине. Алайда Төлен бүгінгі және алдағы 20-30 жыл көлемінде Қазақстан газеттерінің болашағына болжам жасайды. Еңбекте әлемдік медиасфера мысалдары сәтті сарапталған. Автор оқулық құралын өзекті мәселеге арнай отырып, дүние жүзіндегі БАҚ проблемаларын жіліктеп талдайды. Бүгінгі күн биігінен келешекке көз жүгіртеді. Қазақ тілінде мұндай оқулық құралдары аз. Сол олқылықтың орнын толтыруға деген талпынысы орайлы шыққан!» – деді Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп.

Айта кетсек, «Mazmundama» қоғамдық қоры баспаға дайындаған оқу құралы 1000 данамен басылып шықты.

Төлен Тілеубай

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.