«Тек білім бергіміз келеді»: Қазақстандық мұғалімдер талап қойып, бас көтеруде | arainews.kz

«Тек білім бергіміз келеді»: Қазақстандық мұғалімдер талап қойып, бас көтеруде

121

Қазақстандық мұғалімдер сайлауды ұйымдастыруға қатысуға заңды түрде тыйым салуды талап етіп петиция жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Елімізде соңғы жылдары мұғалімдер мен тәрбиешілер мектеп директорлары мен білім беру ұйымдарынан қысым көретіндерін айтып, жиі шағымданады. Олар  өздерінің педагогикалық міндеттеріне кірмейтін жұмыстарға, соның ішінде ауыр дене еңбегіне, сенбіліктерге, сайлауалды шараларға тартылып жатқандарына наразылықтарын білдіреді. Мұғалімдердің айтуы бойынша, оларда таңдау жоқ.
Сондай-ақ мұғалімдер мен тәрбиешілер мектеп әкімшілігінің түрлі бопсалауларына, газет-журналдарға мәжбүрлеп жазылуға, билет сатып алуға, партиялық жарналарға жегілетіндерін айтады.
«Мұғалімдер мен тәрбиешілер партияда болмай, біліммен айналысуы керек! Бұған дейінгі сайлау жұмыстарына байланысты қоғамда біз туралы теріс пікір қалыптасты. Сайлаумен біз емес, ОСК немесе басқа жауапты орган айналысуы керек! Біз, Қазақстан Республикасының ұстаздары мен педагогтары Білім министрі Асхат Аймағамбетовтен саясатқа мүлдем араласпауды заңнамалық деңгейде талап етеміз! Біз тек балаларға білім бергіміз келеді!» — деп атап өтті петиция авторлары.
Қазіргі кезге дейін петицияға 236 адам қол қойған.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.