«Мынау қазақ, ал мынау дұрыс украин»: «Ахмат» жасағының командирі көпұлтты әскерін таныстырды (ВИДЕО) | arainews.kz

«Мынау қазақ, ал мынау дұрыс украин»: «Ахмат» жасағының командирі көпұлтты әскерін таныстырды (ВИДЕО)

348

Әлеуметтік желіде Украинада қарулы қақтығысқа қатысып жатқан ресейлік «Ахмат» арнайы жасағының видеосы тарады деп хабарлады turkystan.kz Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.

Бейнежазбада командирлердің бірі көп ұлтты жасағында қазақтардың да бар екенін айтты.

«Ең көп ұлтты әскер, ол – «Ахмат» арнайы жасағы. Түсінікті болу үшін айтайын, бұл жігіт – «Ахмат» арнайы жасағындағы украин жігіті. Ол дұрыс украин. Ал мынау орыс, мынау қазақ. Біздің «Ахмат» арнайы жасағында ингуштар, осетиндер, құмықтар да бар. Біз көп ұлтты командамыз. Біздің жігіттердің қуанышы да, қайғысы да ортақ, мақсатымыз да бір. Біз бұрынғыдай бауырлас халықтардың тату-тәтті өмір сүріп, жауыздар, фашистер мен ұлтшылдардың болғанын қаламайыз», – деді ол.

Видеоны көрген көпшілік Ресей билігі өз еліндегі аз ұлттардың өкілдерін біріктіріп, әдейі соғысқа салып отырғанын жазған. Кейбірі қазақ деген жігіттің қазаққа ұқсамайтынын айтса, енді бірі «Ахматтың» құрамында жалдамалы тобырдың соғысып жатқанын айтқан.

қазақ

 

Т

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.