Былтыр қай өңірдің тұрғындары көп тамақ жегені анықталды | arainews.kz

Былтыр қай өңірдің тұрғындары көп тамақ жегені анықталды

1 331

2021 жылы Қазақстанда негізгі азық-түлік өнімдерін тұтыну 2020 жылмен салыстырғанда төмендеген. Бірақ тұтынылған қант пен кондитерлік өнімдер көлемі өзгермеген деп хабарлады turkystan.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2021 жылы қазақстандықтар айына орта есеппен 3,9 кг картоп, 2,8 кг нан, 2 кг сиыр еті, 1,6 кг алма, 1,3 кг күріш пен қант, 16,2 жұмыртқа, 0,9 кг макарон, 0,8 кг балық жеп, 1,3 литр сүт пен айран және 0,1 кг қара шай ішкен.

Өңірлер бойынша статистикаға сүйенсек, Шымкент тұрғындары тамақтану бойынша алда тұр. Олар ет, балық, сүт және сүт өнімдерін, жеміс-жидек, картоп, құрамында қант бар өнімдерді басқаларға қарағанда көбірек тұтынған.

Ал СҚО-ның тұрғындары басқа аймақпен салыстырғанда көкөністі, ал Маңғыстау облысының тұрғындары нан өнімдерін көбірек тұтынған.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.