Жалған ақпарат жарға жығады | arainews.kz

Жалған ақпарат жарға жығады

2 544

Үшінші дүниежүзілік соғыс танктер мен ракеталардың емес, ақыл-ой мен желінің қақтығысы. Бұл ретте Қазақстан да ұрыс даласындағы белсенді мемлекет деп айтуға болады. Бұл соғыстың мақсаты – қазақстандықтардың ақыл-ойын алдау-арбау, ұлтаралық алауыздықты жандыру, өшпенділік пен үрейді тарату. Сол арқылы сан ғасырлық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты талқандау. Әрине бұл майданның жауынгерлері көзге көінбейді. Олардың әрекеттерін терроршылар мен қарақшылардың іс-қимылына ұқсатуға болады. Біздің еліміздің сенімсіз әрі жалған ақпараттың алдында дәрменсіз екендігін қаңтардағы қаралы оқиғалар көрсетіп берді. Осымен күресу мақсатында ынталы азматтар қоғамдық қозғалыс — «AQPARAT SAQŞYSY» ақпараттық халықтық жасағын құрды.
Қозғалыстың мақсаты ақпараттың деңгейін жоғарылату және оның ықпалынан тұрғылықты халықты қорғау болып табылады. Осыған байланысты арнайы телеграм арна да ашылды. Мұнда қатысушылар шетелдегі және ел ішіндегі ақпараттық агрессия, жалған хабарламаларды тарату әрекеттерімен бөліседі. Ең маңыздысы бұл арнаға ақпараттық агрессорларға қарсы кез келген азаматтың қосылуына болады. Ортақ Отанымыз бен оның келешегіне немқұрайлы қарамайтын кез келген адам осы қозғалысты қолдауы керек деп санаймыз.
Осы тәрізді барлық ақпараттың қозғалысы туралы мәліметті https://t.me/aqparatsaqsysy. телеграм-каналының сілтемесінен алуға болады.
Естеріңізде болсын, жалған ақпарат таратқандар ҚР ҚК-нің 274-бабына сай 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.