Теологиялық оңалту жұмыстары жалғасуда | arainews.kz

Теологиялық оңалту жұмыстары жалғасуда

165

Түзеу мекемелесінде жазасын өтеп жатқан азаматтарды қоғамға қайта бейімдеудегі негізгі мақсаттардң бірі оңалтылатын адамдарға мақсатты, үздіксіз, жеке идеологиялық, алдын алу профилактикалық және әлеуметтік-тәрбиелік ықпал етуді қамтамасыз ету жолымен радикалды көзқарастан арылту болып табылады. Осыған орай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/2 мекемесіне Облыс әкімдігі Дін проблемаларын зерттеу орталығының бөлім басшысы Абылхайыр Сабырұлы және орталық инспекторы Абдувахид Бабаханов сотталғандармен теологиялық оңалту жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында сотталғандарға дәріс жүргізді. Онда баяндамашы қазақ халқының салт-дәстүрлері мен Ислам дінінің сабақтастығы жайында әңгіме қозғай отырып, сан ғасырлар бойы ата-бабамыз ұстанып келген салт-дәстүрімізлеріміз бен әдет-ғұрыптарымыздың түп-тамыры Ислам дінінің шарттарымен біте қайнасып жатқандығын нақты дәлелдермен жеткізіп берді.

Сұхбат барысында өзге тақырыптарда да әңгіме жүргізілді. Сотталған азаматтар сұхбат барысында келтірілген дәлелдерге көңілдері толып, жақсы әсерде отырды. Сұхбат соңында сотталған азаматтар өздерін қызықтырған сауалдарын қоя отырып алдағы уақытта да осындай кездесулердің жиі болып тұруын қалайтындықтарын жеткізді.

 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.