«Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІІ съезіне Жамбыл облысынан делегаттар сайланды | arainews.kz

«Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІІ съезіне Жамбыл облысынан делегаттар сайланды

9 703

Бүгін «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Саяси кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті.
Саяси кеңестің отырысын филиал төрағасы, облыс әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев төрағалық етіп, жүргізіп отырды.
Кеңестің күн тәртібінде 1 мәселе қаралып, «Nur Otan» партиясының 1 наурызда өтетін кезектен тыс ХХII Съезіне делегация құрамы сайланды.
Отырыс барысында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Қаңтар оқиғасы кезіндегі түйткілді мәселелерге тоқталып кетті.
Зардап шеккен ғимараттардың қалыпқа келтіріліп жатқанын, зардап шеккен жеке кәсіпкерлерге көмек көрсетілгенін айтты.
Қаңтар оқиғасындағы бүлікке қатысқандардың көпшілігі 16 мен 25 жас аралығындағы жастар екенін айтып, жастармен жұмысты күшейтуді тапсырды. Әсіресе, олардың ата аналарымен тығыз байланыс орнатып, жұмыссыз жастарды жұмыспен қамтуды қолға алу керек деп міндеттеді.
Осы орайда, партия жұмысына, әсіресе, «Jas Otan» жастар қанатының жұмысына аса мән беру керектігін ескертті.
Съезге облыстан 19 партия мүшесі, яғни аумақтық филиалдар төрағаларының бірінші орынбасарлары, республикалық саяси кеңес мүшелері және депутаттар қатысады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.