Жазасын өтеушілер тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтті | arainews.kz

Жазасын өтеушілер тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтті

182

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесіндегі жазасын өтеуші азаматтар ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған шараға белсене қатысты.

— Бүгінгі шара ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Іс-шара барысында алдымен жазасын өтеушілерге тәуелсіздікке қол жеткізу жолында кездескен түрлі қиындықтар, сол кезеңдегі Елбасының ұшан-теңіз еңбегі туралы мәліметтер берілді, — дейді мекеме қызметкерлері.

Айта кетейік, бұл күні жазасын өтеушілер тәуелсіздік тақырыбындағы туындылардан үзінді оқып, ән шырқады. Бұдан бөлек, өз қиялдарынан туған дүниелерін қағаз бетіне түсіріп, спорттық бірнеше түрінен бақтарын сынады.

Меруерт Мыркалиева,
ЖД-158/1 мекемесінің қызметкері, әділет аға лейтенанты

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.