Мойынқұм ауданында «Жамбыл — менің жай атым, Халық — менің шын атым» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті | arainews.kz

Мойынқұм ауданында «Жамбыл — менің жай атым, Халық — менің шын атым» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті

110

Жамбыл өңірінің шығармашыл жастарының шабытын шыңдау мақсатында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай ағымдағы жылдың 3 шілдесінде Мойынқұм аудандық мәдениет үйінде «Жамбыл-менің жай атым, Халық-менің шын атым» атты жас ақындар мүшәйрасы өтті.

Байқаудың басты мақсаты – мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу және жас ақындарға қолдау көрсету.

Байқауға 14-29 жас аралығындағы талапкерлер қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Жыр додасында облыстың жас ақындары бақтарын сынады. Әділқазылар алқасы 6 қатысушыны конкурстың ережесінде жазылған талаптарға сәйкес іріктеді.

Байқау жеңімпазы Мырзатаев Медеу Жаналыұлы :

Мұндай шаралар жиі өтіп тұру керек деген ойдамын. Жастар шығармашылықтарын осылай шыңдайды. Болашақ үлкен жыр додаларында топ жаруы үшін үлкен дайындық. Жас ақындар бірден жарқ етіп шықпауы мүмкін. Талантты шыңдаса ғана нәтиже әкелері сөзсіз. Байқауға қатысқан өзге де ақындарымыздың мазмұнды өлеңдерін көріп қуандым. Өлең құрау техникасы мен көркемдік ерекшелігі де көңіл қуантады. Жастар арасында шынайы рухани жаңғыру осындай тағылымды шаралар арқылы ұлықталады деп ойлаймын.

Бәйгеде Тараз қаласының жас ақыны Мырзатаев Медеу Жаналыұлы өз қарсыластарынан озып, бас жүлделні иеленді. І орынға Мойынқұм ауданының ақыны Абасов Еркебұлан, ІІ орынға Қордай аудандық жас ақындар Саухан Луиза мен Болатқызы Мөлдір, ІІІ орынға Мойынқұм және Қордай аудадарының жас ақындары Асылханов Таңатар мен Булисбаев Асқар иеленді. Байқау соңында жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.