Медицина қызметкерлері – құрмет құшағында | arainews.kz

Медицина қызметкерлері – құрмет құшағында

510

Медицина қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/2 мекемесі медицина бөлімінің қызметкерлері марапатталды. Ақ халатты абзал жанжардың кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шараға мекеме бастығы, әділет подполковнигі Ерлан Оразгелдиев, мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, әділет майоры Әміржан Дәулетқұлов және мекеме бастығының режим және жедел жұмыстар бойынша орынбасары, әділет майоры Нұржан Күзембаев қатысты.

Жиын барысында сөз алған Е. Оразгелдиев денсаулық сақтау саласында табысты еңбек етіп келе жатқан білікті мамандарды құттықтады.

– Құрметті медицина саласы қызметкерлері! Баршаңызды бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын.

Қазір сіздер шын мәнінде мылтықсыз майдандасыздар. Осындай қиын-қыстау кезеңде қоғам үшін табандылық пен биік рухтың үлгісі бола білдіңіздер. Әр күнгі жанкешті еңбектеріңіз зор құрметке лайық. Cіздерді қалай мақтасақ та, сіздерге қандай жағдай жасасақ та жарасады. Өйткені, Қазақстан медицинасының ерлікке толы жаңа тарихын жазып жатырсыздар.

Баршаңызды тағы да бүгінгі мерейлі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Әрқайсыңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге толағай табыстар тілеймін! Қиындықты еңсеру жолындағы еселі еңбектеріңіз бен темірдей төзімділіктеріңіз үшін мың алғыс! – деді мекеме бастығы өз сөзінде.

Сонан соң мекеменің медицина бөлімінде табан аудармай еңбек етіп келе жатқан қызметкерлер – Бақыт Баймұрзаева, Ләззат Бекбергенова, Татьяна Мальцева, Ирина Данилюк пен Айымжан Сүгірбаевалар арнайы грамотамен марапатталды.

Басқосу соңында қатысушылар естелік суреттерге түсті.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.