Мемлекеттік рәміздер — ел беделі | arainews.kz

Мемлекеттік рәміздер — ел беделі

132

4-маусым Мемлекеттік Рәміздер күніне орай ЖД-158/5 мекемесінде де ауқымды шара ұйымдастырылды. Шымылдығы Мемлекеттік Әнұранды орындаумен ашылған шара барысында сондағы жазасын өтеушінің бірі жиналғандарға Рәміздердің тарихына, әр мемлекеттік нақышқа жеке тоқталып, олардың авторлары жайында кеңінен мағлұмат берді. Ол өз сөзінде республика Туының түсі мен барлық бейнелерінің мағынасы, Елтаңбаның негізгі идеясы туралы айтып өтті.

Мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет майоры Айгүл Танашеваның айтуынша, бұл шараның басты мақсаты – сотталған азаматтардың еліміздің тәуелсіздігінің айғағы — Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін кеңейту, саяси маңызын ұғындыру және насихаттау, тарихын білуге, рәміздерді құрметтеуге, қастерлеуге тәрбиелеу.

— Бір шаңырақ астында, ынтымақ пен бірлікте өмір сүріп жатқан жүзден астам ұлт пен ұлысты біріктіруде де мемлекеттік рәміздердің үлесі ерекше. Әр қазақстастандық Мемлекеттік рәміздердің сипаттамасын білуі шарт. Өйткені, Ту, Елтаңба мен Әнұран – ұлттық сезімнің, ар-намыстың, асқақ мұраттың киелі белгісі, бойтұмары. Мемлекеттік Әнұранның орындалуы, Көк байрақтың көтерілуі елге, жерге, Отанға деген өзгеше сүйіспеншілік пен сағынышты оятады, патриоттық сезімді нығайтады», – деді ол.

Айнура Бателова,
ЖД-158/5 мекемесінің босатылатын сотталғандардың еңбегімен тұрмысын ұйымдастыру тобының инспекторы әділет лейтенанты

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.