Дін мамандары түзеу мекемесінде кездесу өткізді | arainews.kz

Дін мамандары түзеу мекемесінде кездесу өткізді

119

Қазіргі таңда мемлекет тарапынан қоғамдағы діни ахуалды тұрақтандыру мақсатында нақты шаралар қолға алынып, жаңашыл бастамалар жүзеге асуда. Себебі, дін — мемлекеттің негізін құраушы ең маңызды факторлардың бірі болғандықтан, ішкі тұрақтылықтың да кепілі екені сөзсіз.

Осыған орай, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/4 мекемесінде арнайы мамандар бұл бағытта жүйелі жұмыстар атқарып, жазалы жандарға тиісті бағыт-бағдар беріп отырады.

Жуырда мекеменің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің қызметкерлерінің инспектор-теологі ұйымдастыруымен аталған бағытқа арналған жиын өтті. Басқосуға облыс әкімдігі дін істері басқармасының маманы Ерзат Жакиповпен облыс орталығындағы «Күлбай баба» мешітінің имамы Аманкелді Ембергенов арнайы қатысты.

Кездесу барысында мамандар сотталған азаматтарға дәріс оқып, жеке кеңес беру әдістемесін өткізді. Бұдан бөлек, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ақ пен қараның аражігін ажыратып берді.

Жиын соңында жазасын өтеушілер өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, оған тұщымды жауаптарын алды.

Сәдуақас Тоқсанбаев,
ЖД-158/4 мекемесінің инспектор-теологі

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.