Иммунолог-дәрігер түсіндіру жұмыстарын жүргізді | arainews.kz

Иммунолог-дәрігер түсіндіру жұмыстарын жүргізді

147

Covid-19 коронавирустық инфекциясының пандемиялық таралуын тоқтатудың ең тиімді тәсілі – жаппай вакцина салу арқылы халықтың жасанды иммунитетін қалыптастыру. Адамзат тарихында мұндай тәжірибе асқан қатерлі аурулар кезінде қолданылған. Мәселен, шешек инфекциясы тарағанда әлем халқының 98,5 пайызы бұл дертке қарсы екпе салдырған. Соның нәтижесінде, аталмыш инфекцияны толық жойып қана қоймай, қоздырғышты да ауыздықтау мүмкін болды. Демек, Covid-19 дертін түбегейлі жоюдың жалғыз жолы – жаппай вакцинациялау.

Осыған орай, Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесіне «Almaz Medical Group» ЖШС Жамбыл филиалының иммунолог дәрігері Ләззат Зайтбекова арнайы келді.

Дәрігер мекеменің жеке құрамының қызметкерлерімен және жазасын өтеуші азаматтармен кездесіп, коронавирустық инфекциядан қорғану мақсатында салытатын вакцинаның маңызы мен әсері жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесулер барысында денсаулық сақтау саласының маманы бірқатар сұрақтарға жауап беріп, екпе салдыратын адамға білу қажет барлық ақпараттармен бөлісті.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.