Тергеу изоляторынан сотталушы қашып кетті | arainews.kz

Тергеу изоляторынан сотталушы қашып кетті

132

Алматыдағы тергеу изоляторынан қашып кеткен ер адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда. Біраз күн бұрын ЛА-155/18 (тергеу изоляторы) мекемесінен сотталушының қашып кеткені белгілі болды. Бүгінгі таңда Қылмыстық кодекстің 426-бабына (Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамаудан қашу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталып, жедел іздестіру іс-шаралары жүріп жатыр.

Тұтқынның бойы 175-180 см, келбеті азиялық, физикалық қабілеті орташа. Шашы қара, мұрны түзу, көздері қоңыр. Үстіне кигені киімі: ақ жолағы бар қара спорттық қалпақ, қара түсті қысқа куртка, қара трико және қара аяқ киім.

Айта кетейік, 1987 жылғы сотталушы Д.Т. Давудов 2020 жылы 17 мамырда қамауға алынып, қарашада ұрлық пен алаяқтық жасағаны үшін 6 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылған.

Сотталғанның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпаратты 8 (7272) 90-22-06 телефонына хабарлауды сұраймыз.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің басшылығы

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.