Бал мен балық шаруашылығына басымдық беріледі | arainews.kz

Бал мен балық шаруашылығына басымдық беріледі

271

Жамбыл облысында шағын және орта  бизнес субъектілерінің саны 70 мың бірлікті құрап отыр. Бұл жайында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев есепті жиынында айтты.

— Шағын және орта бизнесті дамытуға  барынша қолдау көрсетілуде. Былтыр біз бал шаруашылығын қолға алып, 1200 тонна өнім алдық. Енді биыл бұл көрсетішті 1500 тоннаға жетізу жоспарлануда. Одан бөлек Жамбыл облысы балық шаруашылығына да қолайлы өлке. Қазір 22 су айдынын зерделеп, фарел балығын өсіруді жоспарлаудамыз.

Ал шағын және орта бизнес өкілдерінің өндірген өнімдерін тұрғындарға қолжетімді бағамен өткеру үшін 15 әлеуметтік дүкен ашу жоспарланса, былтыр оның 13-і ашылды. Биыл қалған жоспарлы жұмыстар жүзеге асады, — деді Б.Сапарбаев.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.