Діни басқосу өтті | arainews.kz

Діни басқосу өтті

502

Дін мәселесі түрмеде де өзекті. Осыған орай, ЖД-158/7 мекемесінің теологтары әділет аға лейтенанты Р.Оразбеков және әділет аға лейтенанты Н.Желдібаевтың ұйымдастыруымен жеке қабылдау өтті. Жамбыл облысы Дін істері басқармасының теологтары

А. Құлымбетов және Б. Бекмолдаев мекемедегі дінге сенуші сотталғандармен кездесіп, сан сауалына жауап қатты. Көпшілік алдында қысылып-қымтырылмай, көңілге күпті сұрақтардың түйіні тарқатылды. Көтерілген мәселелердің басым бөлігі — ислам дінінің тараулары және «Деструктивті діндердің қателігі» тақырыбында сұхбат жүргізілді. Емен-жарқын сұхбаттасып, кәсіби маманнан мол мағлұмат алу баршаға ерекше әсер сыйлады. Діни сауатсыздық соңы сан соқтырып, опық жегізуі ықтимал. Онымен күрес жолында қыруар жұмыс, көп күш жұмсалуы тиіс, деседі маман.Сотталғандар көкейлерінде журген сұрақтарын қойып, ислами нәрленіп, көңілдері жадып, өздерінің бірнеше қате түсінікпен журген сенім мәселелеріне толыққанды жауап алды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.