Аудан әкімі Ауған соғысының ардагерлерін қабылдады | arainews.kz

Аудан әкімі Ауған соғысының ардагерлерін қабылдады

144

Бүгін Сарысу ауданының әкімі Б.Жақсылықов ауған соғысы ардагерлерімен мерекелік қабылдау жасады.

Қабылдауда аудан әкімі:
— Қымбатты Ауған соғысының ардагерлері!
Бұл күн — біз үшін тарихи күн.
Ұлт көшбасшысы — Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде: «Күні кешеге дейін көпшілік қауым үшін белгісіз болып келген, Ауған соғысының жылнамасы отандық жаңа тарихымыздың ең қаралы парақтарының бірі болып қала береді» — деген болатын.
Тоғыз жылға созылған бұл соғыс жауынгер жерлестеріміз үшін үлкен өмір сынағы болды.
Бозбала жауынгерлер елі үшін жаумен жаға жыртысып, Отан алдындағы әскери Антына адалдық танытты.
Ұрыс даласында ақтық демі таусылғанша ерлік көрсеткен жау жүрек жауынгерлеріміз әрқашан абыройымызды асқақтата бермек.
Біз бүгін сол қыршын кеткен боздақ жауынгерлерімізді еске алып, рухтарына тағзым ету үшін жиналып отырмыз. Сондай-ақ, сол қақтығыстан ортамызға аман қайтқан ерлерге құрмет көрсету үшін де бас қосып отырған жайымыз бар.
Құрметті ардагерлер!
Біз соғыстан оралмаған батырларымызды, олардың жақындарын ұмытпауымыз керек.
Осы мақсатта, бүгін демеушілер есебінен қайтыс болған 12 жауынгердің отбасына қаржылай біржолғы көмек ұйымдастырып отырмыз.
Барлықтарыңызға зор денсаулық, отбатарыңызға амандық тілеймін.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бейбіт күніміз баянды болғай,-деді.

Жиналғандар ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, өткен шақтың естеліктерімен бөлісті.

Дариха Үмбетиярова,

Сарысу ауданы

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.