Риясыз разылығын жеткізді | arainews.kz

Риясыз разылығын жеткізді

187

Қазақ халқы – тумысынан кез келген игі іске, жақсы нәрсеге алғыс айтуды әдетке айналдырған халық. Разылық сөздері көбіне қиын сәтте қол ұшын созып, көмегін тигізген азаматқа айтылып жатады. Осындай ақжарма тілегін жуырда Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінде жазасын өтеп, бостандыққа шыққан Нұрлан Бейсенов жеткізді.

Тілегін қағаз бетіне түсірген ол мекемеде соттылық мерзімін өтеу барысында қателігін ұғынып, түзу жолға қайта түсуіне қолдауын аямаған мекеме бастығы, әділет полковнигі Ерлан Оразгелдиевке айрықша алғыс білдірген. Сондай-ақ, түрлі кезеңдерде көмек көрсеткен мекеме бастығының орынбасары, әділет майоры Әміржан Дәулетқұлов, жасақ бастығы, әділет лейтенанты Ерлен Құрымбаев пен мекеме психологтарына риясыз разылығын жеткізді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.