Үш жақты меморандумға қол қойды | arainews.kz

Үш жақты меморандумға қол қойды

926

Мойынқұм аудандық пробация қызметі және аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі сондай-ақ «Сұңқар» жеке кәсіпкерлігі өзара ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қол қойды. Меморандум аясында есепте тұрған тұлғалар «Сұңқар» жеке кәсіпкерлігіне жұмысқа орналаса алады.

Жалпы, бұл меморандумның мақсаты — пробация қызметінің есебінде тұрған және түзеу мекемесінен босап келген тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, оларды жұмысқа орналастыру болып табылады.

Нұрсұлтан Каипов,
Мойынқұм аудандық пробация қызметінің аға инспекторы, әділет капитаны

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.