ҚАЖ саласында қызмет еткен қарияны Жаңа жылымен құттықтады | arainews.kz

ҚАЖ саласында қызмет еткен қарияны Жаңа жылымен құттықтады

172

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/1 (тергеу изоляторы) мекемесінің жеке құрам қызметкерлері саналы ғұмырын ҚАЖ саласына арнаған Надежда Корепанованың шаңырағына арнайы барып, Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Құттықтаушылар мекеме басшысы әділет полковнигі Бауыржан Сауранбаевтың сәлемін жеткізіп, әкелген сый-сияпаттарын табыс етті.

Өз кезегінде ҚАЖ саласында 25 жылға жуық уақыт қажырлы еңбек еткен Надежда Корепанова мереке қарсаңында қарттарға көңіл бөлген мекеме басшылығына рахмет айтып, жылы лебізін білдірді.

Айгерім Ерубаева,
ЖД-158/1 мекемесінің қызметкері

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.