Облыс әкімі Б.Сапарбаевтің Мойынқұм ауданына сапары барысында бірқатар тапсырмалар берген болатын. Сол тапсырмалардың бірі – аудандық орталық ауруханаға реанимобиль алу еді.
Осыған байланысты облыстық бюджеттен 45 млн. теңге бөлініп, аудандық орталық ауруханасына 1 реанимобиль автокөлігі табысталды.
Денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне медициналық барлық керек-жарақпен қамтамасыз етілген көліктің кілтін аудан әкімінің орынбасары Амангелді Нәметқұлов табыстап, еліміздегі коронавирус пандемиясы кезінде қажыр-қайратпен қызмет етіп жатқан дәрігерлерге ризашылығын білдірді.