«Жастар практикасы» жұмысқа орналасуға жол ашады | arainews.kz

«Жастар практикасы» жұмысқа орналасуға жол ашады

335

«Жастар практикасы» – арнаулы және жоғары оқу орындарының түлектерін  жұмыспен қамту  мәселелерін шешудегі бірден-бір  жол. Оқу орындарының түлектерін еңбек  нарығындағы бәсекеге  қабілеттілігін арттырудағы  «Жастар практикасы» бағдарламасы жұмыспен қамту органдарымен ойдағыдай қолданылады. Осы бағдарлама жас түлектерге, олар алған мамандықтар бойынша  практикалық тәжірибе  жинақтауға мүмкіндік береді және  оларға  келешекте тұрақты  жұмыс орындарына  орналасу үшін  зор перспективаларға жол ашады.

Жас мамандарды тәжірибеден өтуге шақыру ісі Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінде де жүйелі жүргізіліп келеді. Мәселен, департаментке қарасты ЖД-158/2 мекемесінің кадр саясаты бөлімінде оқу орнын жаңадан тәмамдаған Айжан Бауыржанқызы алты айлық практикадан өтуде.

Жұмыспен қамту орталығынан «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша мекемеге жолданған жас маман мұнда  ағымдағы жылдың 5 тамыздан бастап еңбек етуде.

Тараз техника және бизнес колледжін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген Айжан «Жастар тәжірибесі» бағдарламасының маңызы зор екенін айтады. Мекеме кадр саясаты бөлімінің бастығы, әділет аға лейтенанты, тәжірибеден өтушінің тәлімгері Айгүл Жүнісова да бағдарламаның жастардың жұмысқа орналасып кетуіне үлкен септігін тигізіп отырғанын айтады.

«Бұл алты ай жас маманның тәжірибе жинақтап, өзінің әлеуетін көрсетуге берілген мүмкіндік. Егер жас түлек алты ай тәжірибеден өткен мекемеде өзін еңбекқор, жауапкершілікті толықтай сезінетін маман ретінде көрсетсе, тұрақты жұмысқа орналаса алады» – дейді  Айгүл Нұртайқызы.

 

Айгүл Жүнісова,

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті

кадр саясаты бөлімінің бастығы, әділет аға лейтенанты

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.