Мерекеде туған-туыстарымен бейнебайланыс арқылы қауышты | arainews.kz

Мерекеде туған-туыстарымен бейнебайланыс арқылы қауышты

1 371
Қазақ қоғамында ақсақалдар – елдік пен өнегелі өмір тәжірибесінің қайнар көзі. Қарттар қашанда елді береке-бірлікке, ырыс-ынтымаққа жұмылдыра білген.
Халықтың “Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең”, “Қариясы бар елдің – қазынасы бар” деген сөздерінің мәнісі – ақылдың кені, қазыналы қарттарды құрметтеу, ақсақалдар қауымын ардақтау болып табылады.
Осы үрдісті ұстанған Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЖД-158/2 мекемесінің басшылығы жазасын өтеп жатқан зейнеткер Тұрсынбай Малимбетовке тосынсый жасады.
Мерекеге орай 1950 жылы туылған қария жанұясымен бейнебайланыс арқылы сөйлесіп, сағынышын басты. Өз кезегінде Т. Малимбетов туған-туыстарымен қауышуға мүмкіндік бергені үшін мекеме басшылығына ризашылығын білдіріп, қуанышты хабарларымен бөлісті.
Мемекеде мұндай игі істер жалғасын табуда.
Мейірғали Ракишев,
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЖД-158/2 мекемесі
САТжӘПЖ бөлімінің бастығы, әділет майоры

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.