Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Қалымбетов бөлім, мекеме басшылары, жас кәсіпкерлер, ауданның белсенді жастары мен студенттер қатысты. Аталған шарада Жастар ресурстық орталығының директоры А.Байғонысов, аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімшесінің бас инспекторы А.Кенетаев, жұмыспен қамту орталығының бас маманы С.Нәметхан, ау дандық орталық аурухананың дәрігері Б.Жүнісбеков, жас кәсіпкер Ғ.Мәдіхандар сөз алып, аудан жастарын салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қандай қызметте болса да қызметіне адал болуға және ауданның жағдайын жақсартар жалынды жастар болуға шақырды.
Жиында аудан әкімінің орынбасары Б.Қалымбетов Жастар жылының еліміз үшін де, ауданымыз үшін де табысты жыл болғандығын атап, Волантерлар жылымен құттықтап, аудан жастарына еліміздің және ауданымыздың қарыштап өркендеуіне өз үлестерін қосатындығына сенім білдірді.
Жиын соңында Жастар жылында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін және мәдени көпшілік іс-шараға белсене ат салысқаны үшін аудан әкімінің Алғыс хатымен «Экологиялық орталық» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Ерғазыұлы мен А.Оразалиева, Саз мектебінің мұғалімі Е.Омаров, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы А.Ноғайбекова, аудандық мәдениет үйінің әншілері Қ.Әбдіқадыров, Т.Жексембек (суретте), аудандық Жастар ресурстық орталығының инспекторлары Г.Зиябекова, Г.Серікбаева, Ә.Нұрмахамбет, аудандық «Мойынқұм таңы» газетінің тілшілері А.Үмбетқұлова, Қ.Көбенғараев, А.Әлтай, «Нұр-болашақ XXI» қоғамдық бірлестігінің басшысы М.Жекеева, аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері М.Шубаева, Б.Төлеубеков, аудандық орталық аурухананың дәрігері Б.Жүнісбеков, облыстық «Знамия труда» және «Арай» газеттерінің тілшілері Т.Куспаев, С.Сатылғановтар марапатталды.
Қуаныш ҚӨБЕНҒАРАЕВ