«Мускулист кенгуру» | arainews.kz

«Мускулист кенгуру»

2 382

Аустралияның солтүстігіндегі қорықтардың бірінде 12 жыл өмір сүрген «Роджер» кенгуруі 2015 жылдан бастап әлеуметтік желіде дүние жүзіне кеңінен танымал болды. Оның басқа кенгурулардан ерекшелігі денесінің мығым әрі бұлшықетінің мықты жетілуінде еді. Оны халық «Мускулист кенгуру» деп атап кеткен. «Роджер» кенгуруінің денесі неліктен бұлай болғаны түсініксіз. Ондағы қызметкерлер оның осыдан бірнеше жыл бұрын қорықтағы өзге де 50 кенгурумен бірге әкелінгенін айтады. Жалпы, «кенгуру» деген сөз қайдан шыққан? 1770 жылы Аустралия жеріне алғаш келген зерттеуші Джеймс Куктың экспедициясы кенгуруды көріп, жергілікті аборигендерден бұл қандай жануар деп сұраған екен. Сонда абориген «кенгуру», яғни, «түсінбедім» деп жауап беріпті. Міне, содан бері бұл жануарлар «кенгуру» аталып кеткен екен. Абориген тілінде «кенгуру» деген сөз «түсінбедім» деген мағынаны береді…

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.