Әлеуметтік жоба аясында 2 азамат бостандыққа шықты | arainews.kz

Әлеуметтік жоба аясында 2 азамат бостандыққа шықты

156

Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» ұлт жоспарының 33 қадамы бас бостандығынан айыру орнынан босаған азаматтарды әлеуметтік оңалтуға бағытталған. Осы орайда жазатайым немесе қасақана жағдайда қылмысқа барып, жазаға тартылған сотталған азаматтардың  жаза мерзімін толық өтеп, темір тордан босатылғаннан кейін  бостандықтағы өмірге сіңісіп, қоғамға қайта бейімделіп кетуі үшін «Қақпа алдында кездесу» жобасының маңызы зор.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/5 мекемесінен босап шыққан сотталған азаматтарға «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасын ұйымдастыру жүйелі жалғасын тауып келеді. Жуырда жазасының өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңіл жазаға, яғни бас бостандығынан шектеу жазасына ауыстырылуына және шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуына байланысты 2 азамат бостандыққа шықты. Ата-анасы мен туған-туыстарына асыққан екі азаматқа арналып  «қақпа алдындағы кездесу» шарасы өткізілді.

Арнайы ұйымдастырылған шара барысында түзеу мекемесінің босатылатын сотталғандарды еңбек пен тұрмыстық орналастыру жөніндегі аға инспекторы әділет лейтенанты Руслан Балықбаев «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» негізгі бағыттары толыққанды ақпарат берсе, Жамбыл аудандық Пробация қызметінің инспекторы Қ.Қалдыбаев ҚР «Пробация» Заңы аясында түзеу мекемесінен босатылған сотталған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілетіндігін түсіндіріп, бостандыққа шыққан екі азаматқа білімін жетілдіріп, денсаулығын нығайтуға, сондай-ақ тұрақты жұмысқа орналасуларына қолғабыс ететіндіктерін жеткізді. Өз кезегінде қажетті ақпарат алған 2 азамат шараны ұйымдастырушы мекеме әкімшілігіне және сала мамандарына алғысын білдірді.

Руслан БАЛЫҚБАЕВ,

ЖД-158/5 мекемесінің
САТӘПЖБ БСЕжТО бойынша

аға инспекторы  
әділет  лейтенанты                        

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.