Жамбыл облысында 377 елді мекеннің 48 пайызы газдандырылған | arainews.kz

Жамбыл облысында 377 елді мекеннің 48 пайызы газдандырылған

175

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте елді мекендерді газдандыру мен тұрғындарды ауызсумен қамту  мәселесіне де айрықша басымдық берді.

— Газға қатысты айтсақ, 377 елді мекеннің 48%  (181 е/м) газдандырылған. Мұндағы 841 мың халықтың 53 мыңы ауыл ішілік газ құбыры бола тұрып, газға қосылмаған болатын. Мәселені түпкілікті шешу мақсатында ауыл тұрғындарына едәуір төмендетілген бағаны ұсынған арнайы лицензиясы бар кәсіпорындар қарастырылып, 53 мың адам толық газға қосылды.

Тараз қаласына қосылған 35 алқап газдандырылуда (Құмшағал, Көлтоған, Қызыл-Абад, Казарма, Жиделі, Шөлдала, «Шалғай Қарасу» е/м және  28 саяжай. Жыл соңына 11 елді мекенде жұмыстар аяқталады, е/м саны — 192, үлесі 51% болады).

377 ауылдық елді мекеннің 55%-ы (205-і) орталықтандырылған ауызсумен қамтылған. 130 мың халық су құбыры бола тұра, суға қосылмаған болатын. Бүгінге оның 81,5 мыңы қосылды. Жыл соңына тағы            23 мың халық қосылады. Бұған қоса, 16 елді мекенге су құбырлары жүргізілуде, оның 8 жобасы іске қосылады (үлесі 57,1%-ға жетеді).

2020 жылы 11 елді мекенге су құбырлары жүргізіледі.

Қосымша бірыңғай оператор арқылы облыс бюджетінен халық саны 200-ге дейін 49 елді мекенді ауызсумен қамту көзделуде (1,5 млрд. теңге). Нәтижесінде көрсеткіш 73,2% құрайтын болады, -деді А.Мырзахметов.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.