Жамбылда өндіріс көлемі 450 млрд. теңгеден артады деп күтілуде | arainews.kz

Жамбылда өндіріс көлемі 450 млрд. теңгеден артады деп күтілуде

259

Дәл қазір Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында брифинг өткізуде. Баяндамасы барысында Асқар Исабекұлы әуелі облыс экономикасының аяқ алысына тоқталып өтті. Аймақ басшысының айтуынша, өңір экономикасының барлық салаларында оң динамика қалыптасып отыр.

– Экономиканың өсуі 105,7 пайызды құрап отыр. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 6,5 пайызға, ауыл шаруашылығы — 4,4 пайызға, құрылыс — 9,2 пайызға, көлік — 3,6 пайызға, сауда — 4,5 пайызға, байланыс — 6,4 пайызға артуы есебінен қамтамасыз етілді. Негізгі капиталға салынған инвестиция 15 пайызға   артты.

Өнеркәсіптің өсу қарқыны 10 айда 106,5 пайызды құрады. Саладағы өсімге тау-кен және өңдеу өнеркәсібі, электр және сумен қамтамасыз ету өндірісі көлемінің артуынан қол жеткізілді. Жыл қорытындысымен өндіріс көлемі 450 млрд. теңгеден артады деп күтілуде, – деді А. Мырзахметов өз сөзінде.

Сондай-ақ, жергілікті қамтуды арттыруға бағытталған «Қарапайым заттардың экономикасы» аясында жалпы құны 70,5 млрд. теңгеге 112 жобаның ішінен 20,2 млрд. теңгеге 38 жоба мақұлданған. Қабылданған шаралардың арқасында соңғы жылы шикізаттық емес экспорт көлемі 4%-ға өскен.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.