Цифрлық дәуірге қарышты қадам | arainews.kz

Цифрлық дәуірге қарышты қадам

2 529

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған тұңғыш Жолдауында білім саласына айрықша көңіл бөлді. Әсіресе, орта білім беру мекемелердің материалдық базасын нығайта отырып, білім сапасын арттыруды міндеттеді. Осы орайда Жамбыл облысында білім беру саласына деген көңіл жіті бөлінуде. Тіптеп келгенде шалғай елді мекендердің өзінде «Цифрлық Қазақстан» жүйесін тауып отыр.

Мәселен Шу ауданында  жалпыға міндетті оқумен қамтуда   47 мектеп жұмыс жасайды.   43  асхана   жұмысы жолға қойылыса, аз қамтылған отбасынан шыққан 1366 бала тегін  ыстық  тамақпен  қамтылған. Жергілікті бюджеттен 104 миллион  429 мың теңге, облыстық бюджеттен10 миллион 181 мың теңгебөлінген. Бірінші  сыныптың 2373 баласына ыстық тамаққа  102 миллион  878 мың теңге қаралған.

А.С.Макаренко  мектебінің  жанындағы  интернатта 84 оқушы, О.Жандосов  мектеп жанындағы  интернатта 42 оқушы,барлығы  116  оқушы  интернатпен қамтылған. Олардың  ыстық  тамағына  2019 жылға  жергілікті  бюджет  есебінен 22 миллион  380 мың теңге бөлінген.

2018-2019 оқу жылында ҰБТ-ге барлығы 34 білім беру ұйымы қатысып отыр. Мектеп бітірген 878 түлектің 52,6 пайызы (462 түлек) тестілеуге қатысты. Тестілеуге қатысқандардың 88,3 пайызы (408 түлек) қазақ тілінде, 11,7 пайызы (54түлек) орыс тілінде тапсырды. Орташа балл-71,5.   37 оқушы  «Алтын белгі», 15оқушы «Үздік аттестатқа» бітірді. Шығармашылық тапсырған оқушы саны – 64. Ең жоғары балл – 134 (Имаш Әсем Алмазқызы Төле би/қ/ом)

Оқу кабинеттерін компьютерлік техникалармен жабдықтау жұмыстары бойынша жалпы 47 мектепте барлығы 2470 компьютер орнатылған. Оның ішінде мұғалімдер пайдаланатын компьютер саны 1085.

Сондай-ақ, жалпы оқу кабинеті саны 1212. Оның ішінде 1085 мұғалім компьютерімен жабдықталған.

2019 жылы 233 интерактивті құрылғылар сатып алып, оқу кабинеттерін 100 пайыз  компьютермен жабдықтау жоспарлануда.

Иә, цифрлық дәуірге еліміз қарышты қадам жасап жатқанының бұл бір көрінісі. «Цифрлық Қазақстан» жобасы аясында жанданған жобалардың  жемісті болмағаны жоқ. Енді міне білім саласы да цифрландыруға толықтай көшіп жатқаны қуантады. Бұл ел ертеңіне жасалған игі қадам.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.