Республикалық семинарға қатысып қайтты | arainews.kz

Республикалық семинарға қатысып қайтты

577

Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Үздіктер таңдауы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен облысымыздың  белсенді жастарын делегат ретінде елімізде және көршілес мемлекеттерде өтіп жатқан іс-шараларға жіберу ағымдағы жылдың маусым айынан бастау алып, 2019 жылдың 14-18 шілде аралығында Нұрсұлтан қаласында өткен өңірлерде жастарды ынталандыру жұмысын жүргізу үшін аймақтық менторларды оқытуға арналған семинар-тренингке А.Әбдуәлиева мен А.Турлыбекова делегат ретінде жіберілді. Сонымен қатар, 2019  жылдың  21-24 тамыз аралығында А.Абдымомынов пен  И.Тлеміс Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Ұлытау ауылында өткен Ауыл жастарының халықаралық форумына  қатысып қайтты. Ал, 2019 жылдың 23-25 қыркүйегі аралығында Батыс Қазақстан  облысы, Орал қаласында өткен «Достықта шекара жоқ: Жастар.Диалог.Мәдениет» халықаралық шекара маңы ынтымастық форумына облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі жанынан құрылған «Жібек жолы жастары» волонтерлық қозғалысының жетекшісі М.Нұрділлаұлы делегат ретінде қатысып, ағымдағы жылы облыс көлемінде ұйымдастырылып жатқан «Қамқор» қайырымдылық жобасы туралы презентация жасап қайтты.

Аталған жастар іс-шараларға қатысу барысында өзге өңірлерден келген жастармен танысып, тәжірибе алмасып, өз жобаларын қорғау мүмкіндіктеріне ие болғандығын байқауға болады. Жастар делегацияларының әр түрлі бағытта ұйымдастырылуы жастардың таным-өрісін арттырып қана қоймай, әр түрлі тың идеялар мен жобаларды іске асыруға жол ашады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.