Бердібек Сапарбаев жамбылдық педагогтармен кездесті   | arainews.kz

Бердібек Сапарбаев жамбылдық педагогтармен кездесті  

161

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысына сапары аясында өңірдің педагог қауымымен жүздесіп, салаға қатысты бірқатар мәселелерді ортаға салды.

Тараз қаласындағы №30 мектеп-гимназиясында өткен кездесуге облыс әкімі Асқар Мырзахметов, Білім және ғылым министрінің орынбасары Шолпан Каринова қатысты. Басқосуда алғаш болып сөз алған  Білім және ғылым министрінің орынбасары Шолпан Каринова саладағы өзекті мәселелерді ортаға салып, оларды шешу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті.

«Қазір республикадағы барлық мектептері 10-сыныпқа дейін жаңартылған білім беру жүйесін көшті. Педагогтер бұл жүйе бойынша біліктілігін арттыру  курстарынан да өтті.Өздеріңізге мәлім, білім саласындағы ең өзекті мәселе «Педагогтер мәртебесі туралы» Заңның қабылдануы болып отыр.Қазір бұл заң жобасы Қазақстан Республикасының Парламентінің қарауында жатыр.

Сондай-ақ биыл педагогтердің біліктілік санатын анықтау тесті ұстаздар қауымының ұсынысына сай электронды форматта өте бастады», –деді  Шолпан Қанатқызы.

Вице-министр өз сөзінде мектепке дейінгі білім беру мекемелерін бағалаудың жаңа жүйесі, дуальды білім беруді  жетілдірудің жай-жапсары туралы да айтып өтті.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев ұстаздарға отандық білім берудегі өзекті мәселелерді шешуге Үкімет тарапынан тиісті жұмыстардың қолға алынғанын айтып, бұл істе бірлесе әрекет етуге шақырды. Ал кездесуді қорытындылаған облысы әкімі Асқар Мырзахметов оқушылардың рухани таным-түсінігін дамытуды арнайы пәнді оқыту арқылы жолға қою ұсынысын жеткізді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.