Меркілік жастарға Жолдау жолдары түсіндірілді | arainews.kz

Меркілік жастарға Жолдау жолдары түсіндірілді

978

Бүгінгі таңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы ел ішінде жан-жақты насихатталып, түсіндірілуде. Аталғам мақсаттағы жиынның бірі Меркі ауданында өтті. Оған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қамбарбек Иманалиев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Серікбай Құралбай, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Шырын Мамасеріков, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Ерболат Дүйсенқұл және «Nur Otan» партиясы Меркі аудандық филиалы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Шерхан Баубеков шақырылды. Жиынға сонымен қатар, білімгерлер, оқушылар және аудан жастары қатысты.

Президент Жолдауын түсіндіруге бағытталған басқосуды Е.Дүйсенқұл ашып, аудан жастарына жиналыстың басты мақсатын түсіндіріп, қонақтармен таныстырды.  Ал Қамбарбек Иманалиев өз сөзінде Жолдау тармақтарына кеңінен тоқталса, Серікбай Құралбай тиімді шағын және орта бизнес – қала мен ауылды дамытудың берік негізі екендігін және маңызды құжат жүктейтін міндеттер туралы түсіндіріп өтіп, аудан жастарын кәсіпкерлікке шақырды. Шырын Мамасерікова әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңдерімен, әлеуметтік көмек көрсету жүйесі, еліміздің зейнетақы жүйесі бойынша әңгіме өрбітті. Кездесу барысында сөз алушылар Жолдауда айтылған міндеттердің барлығына жеке-жеке тоқтала отырып, бағытын айқындап көрсетті. Аудан жастары жиналыс кезінде өздерінің көкейтесті сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.