Мектеп-лицейде «Метеорологиялық станция» ашылды | arainews.kz

Мектеп-лицейде «Метеорологиялық станция» ашылды

236

Қазақстандықтар ертеңіне, елінің болашағына сеніммен қарайды. Біз үшін болашағымызға бағдар беретін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін бағдарлама бар. Ол Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы. Мақаланың мақсаты — сананы ұлттық тұрғыда жаңғырту десек, осы күнге дейін бұл бағытта атқарылған жұмыстар аз емес.

Бағдарлама аясында Жамбыл облысының Шу ауданындағы «Жібек жолы мектеп — лицейі» жоба бойынша мектеп оқушыларына түрлі бағыттарда нәтижелі дәріс беріп алдыңғы қатардан көрсетуі жиі орын алуда. Атаулы лицей осыдан 26 жыл бұрын Шу қаласы әкімшілігінің № 180 шешіміне сәйкес өз жұмысын бастаған болатын. Осы уақыт ішінде 2018-2019 оқу жылында «Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ оқушылары мектептің тәжірибелі мұғалімдерінің жетекшілігімен түрлі саладағы тақырыптарға негізделген ғылыми жобалар жазып, пәндік олимпиада/байқауларға қатысты. Мектеп-лицей Қазақстанның 4 және Ресейдің 1 жоғарғы оқу орындарымен, Халықаралық «Большая Меджународная Энциклопедия» мен Қазақстан Педагогикалық академиясымен ұжымдық келісім шарттар құрған. Осы келісім шарттарды жүзеге асыру мақсатында мектеп-лицей оқушылары түрлі байқауларға қатысып келеді. Республикалық пән олимпиадасының аудандық кезеңінде 14 оқушы түрлі орындарға ие болып, облыстық кезеңге 2 оқушы жолдама алған. Аудандық білім бөліміне сұраныс беру арқылы «Шамшырақ», «Білген бәйге/аламан», «Кенгуру», «Жас білімпаз»,«Ақбота» интеллектуалды байқауларына қатысып, 60 І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарға ие болды. Биылғы жылы мектеп-лицей оқушылары 102 түрлі дәрежедегі орындарды иеленген. «Қазақстан тарихы» пәнінен «SKILLS AKADEMY» орталығы ұйымдастырған Республикалық олимпиадаға қатысқан 10 оқушының жұмыстары жоғары деңгейде орындалған деп саналып, «Қазақстан үміті» төсбелгісімен марапатталды.«Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ дарынды оқушылары білім мен ғылымның шыңын бағындыруды әлі де жалғастыруда. Осындай бағытта қарқынды жұмыс жасап отырған мектеп ауласынан «Метеорологиялық станция» ашылып лентасы қиылды. Бұл жаңа ашылған «Метеорологиялық станция»-ның құрамына метеорологиялық алаң, термометрлі және гидрометрлі үйшік, жел бағытын өлшейтін аспап, жаңбыр өлшеуіш және топырақ термометрі орнатылған.Мектеп бағдарламасының екінші бағыты ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына байланысты жылдағы дәстүр бойынша 5 сынып оқушыларын «Лицеист» қатарына қабылдап куәліктерін табыстады. Ал лицей оқушылары өз араларында «өнерлі лицейсттер» «Абай – дара, Абай – дана» атты өлеңдері мен қара сөздерінен сайыс өткізді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.