Құнды құжаттар цифрландырылуда | arainews.kz

Құнды құжаттар цифрландырылуда

333

Тараз қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде «Құнды өлкетану құжаттарын цифрлау» жобасы қол алынды. Жоба аясында жергілікті авторлардың шығармалары мен кітапхана қорындағы бірқатар кітаптардың цифрлы нұсқаға ауысып, оқырман сұранысын электронды форматта өтеуге көшті.

Жастарға өлке тарихын танытуды мақсат еткен жобаға сай 18 жергілікті автормен келісім-шарттар жасалды. Бұл келісімге келген шығармашыл жандардың 56 аталыммен жарық көрген 810 дана кітабы цифрлы форматқа ауыстырылды. Мұндағы 37 атауымен жарық көрген 688 дана мемлекеттік тілде. Жасампаз, жаңашыл жоба аясында цифрлы форматқа көшірілген кітаптардың барлығы да кітапхананың дерекқорына енгізілді.

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайында да «Құнды өлкетану құжаттарын цифрлау» сәтті жүзеге асырылып келеді. Мақсатты жүргізілген жұмыстар нәтижесінде ағымдағы жылы «Фотоархив» дерек қорына 623 фотоқұжат енгізілді.

Жалпы өңірде құнды мәліметтерді электрондық форматқа көшіру жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасынан туындаған бұл жауапты міндеттерге сай 2020 жылға дейін барлық қазақстандық авторлардың кітаптары цифрлық форматқа көшірілмек. Сәйкесінше өңірдегі кітапханалардың пайдалану ауқымын кеңейту жұмыстары кеңейе түсті.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.