Бесағаштықтар берері мол жобадан үлкен үміт күтеді | arainews.kz

Бесағаштықтар берері мол жобадан үлкен үміт күтеді

264

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов бүгін жұмыс сапарымен Жамбыл ауданына келді. Ең алдымен аймақ басшысы аудандағы Бесағаш ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Бұл ауыл тұрғындарының тұрмысын арттыру бойынша облысымызда жүзеге асқалы жатқан пилоттық жобаның алғашқы кезеңіне енген он ауылдық округтің бірі.
Айта кетейік, Бесағаш округі бойынша жалпы 1 336 аула бар. Одан басқа 10 көпқабатты тұрғын үйде 160 отбасы тұрады. Жеке қосалқы шаруашылығы барлар 1176 ауланы құрайды. Жалпы халық саны 6 820 адам. Округке Бесағаш және Түрксіб елді мекендері қарайды. Жалпы округтағы1 176 ауланың үй іргесіндегі жер көлемі 154,9 гектарды құраса, оның сумен қамтылғаны 771 аула (104,5 га), пайдаланбай жатқаны 405 аула (50,4 га).
Жобаның бірінші бағыты бойынша 1176 аула өтінім беріп үлгерген. Ал, мал шаруашылығы бойынша 128 аула иелерінен тиімді несиеге сұраныс түскен. Басқа да бағыттар аясында жұмыстар жүргізілуде екен.
Ауыл шаруашылығы саласынан басқа, пилоттық округта жалпы шағын кәсіп бойынша 30 миллионнан астам теңгенің 14 жобасы ұсынылып отыр. Оның ішінде: шаштараз, монша, тігін цехы және тағы басқа да жобалар бар. Ал, тұрғындардың әлеуметтік-тұрмысын жақсартуға барлығы пилоттық округ бойынша 131 жобаға сұраныс білдірілген.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.