Азаматтардың қауіпсіздігі мен құқығына баса назар аударылмақ | arainews.kz

Азаматтардың қауіпсіздігі мен құқығына баса назар аударылмақ

921

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа өзінің алғашқы Жолдауын жасады. Жолдауды Қылмыстық-атқару жүйесі саласының қызметкерлері де ерекше ықыласпен қабылдады. Жолдау халықтың көпшілігінің көңілінен шыққан мәлімдеме болды. Президент өзінің Жолдауында барлық сала бойынша өткір де, өзекті, маңызды деген бірқатар мәселені атады. Жолдауда көрсетілген басты құндылықтар, 10 міндет – жарқын келешегіміздің бастауы іспетті. Енді осы істердің нәтижесін сөзбен емес іспен көрсетететін кез келген сияқты.

Мысалы Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің Жолдауының «Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету» аталған бөлімінде құқық қорғау жүйесін толыққанды реформалауды жалғастыруды тапсырды.

Мәселен, Президент сот және құқық қорғау жүйесіндегі күрделі реформалар – азаматтарымыздың құқықтарын қорғаудың және олардың қауіпсіздігін күшейтудің негізгі факторы екенін айтып, сот шешімдерінің сапасын арттыру үшін бірқатар маңызды шараларды жүзеге асыру қажеттігін жеткізді.

Осыған сәйкес, Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» Жолдауын іске асыру үшін Ұлттық іс-қимыл жоспарының жобасы жасалды. Жоба 5 бағыт бойынша 81 іс-шарадан тұрады.

Оның ішінде басымдық беріліп отырған салалардың бірі – азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Оның аясында сот шешімдерінің сапасын жақсарту, «сот практикасының сандық анализі» жүйесін тестілеу және халықаралық озық тәжірибелерге негізделген әкімшілік полиция комитетінің жұмысын қайта құру бойынша 15 шара қабылданатын болады.

Сонымен қатар, жеке адамға қарсы бірқатар ауыр қылмыстардың — жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі трафигі, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық, браконьерлік, әкімшілік сот төрелігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды енгізу, азаматтардың құқықтарын қорғаудың кепілдіктерін арттыру мақсатында 6 заң қабылдау жоспарлануда. 2020 жылдың соңына дейін Қарулы Күштер мен әскери құрылымдарды дамыту тұжырымдамасы жаңа редакцияда қабылданады.

М. Сантаев,

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті

ЖД-158/2 мекемесінің режим бөлімінің бастығы,

әділет капитаны

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.