Жастар мәселесі назардан тыс қалмады | arainews.kz

Жастар мәселесі назардан тыс қалмады

246

Бүгінгі Қазақстан Республикасының президенті К.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған жолдауын тыңдап, өз ойымызды бөліскіміз келеді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Мен халыққа сайлау алдындағы берген уәдемді толығымен орындаймын» деген сөзінің өзі бізді жігерлендіріп, еңбекке деген күш-қуатымызды арттырып отыр.

Жастарға, сонымен қатар мұғалімдердің мәртебесін көтеру керектігін атап өтті. Жастар «Дипломмен ауылға!» қайта қолға алу қажеттігін, жоғары оқу орындарының білім беру сапасын көңіл бөлу керектігіне назар аударып отырғаны жүрегімізге жылу береді. Көп балалы отбасыларға аса көңіл беру керектігін, «Нұрлы жол» бағдарламасының халыққа қол жетімді болуына үкіметке тапсырылды, бұл дегеніміз президенттің халыққа деген жанашырлығын білдіреді. Сонымен қатар, мәдениет қызметкерлеріне назар аудару керектігін атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасымен арнайы бөлім, халықтың арыз-шағымдарын жауап беріп қадағалайтын болды.  Бұл мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы болып отыр.

Мемлекет басшысы еліміздің экология мәселесінің, яғни табиғат қорғауға  көп назар аудару керектігін айрықша атап өтті. Экология мәселесі бойынша арнайы жоба болса деген ұсынысым бар. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорғау, соттар халықтан оң баға алу үшін, өздерінің жұмыс істеуіне жаңашыл көзқараспен қарау керек.

Қ.Меңдыбаев,

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

«Экология» кафедрасының аға оқытушы

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.