Таразық ардагерлерге тоғызқұмалақ ойыны тегін үйретілуде | arainews.kz

Таразық ардагерлерге тоғызқұмалақ ойыны тегін үйретілуде

187

Таразда «Тоғызқұмалақты тегін үйренеміз» атауымен акция басталды.  Бұл бастаманы Жамбыл облыстық тоғызқұмалақ қауымдастығы қолға алып отыр. Мұндағы мақсат – ұлттық ойынды ардагерлер арасында үйретіп, оны дамытып, насихаттау, – деп хабарлайды «Arainews» ақпарат агенттігі.

Қазақ халқының ұлттық спорты тоғызқұмалаққа елімізде соңғы жылдары айрықша назар аударылып келе жатқаны белгілі. Түркия елінде спорттың осы түрінен бесінші әлем чемпионаты өткен болатын. Сол додада әлемнің 19 елінен үміткерлердің қатысуы тоғызқұмалақтың халықаралық деңгейде таныла бастағанының бір дәлелі. Ендігі қадам – еңбек ардагерлеріне тоғызқұмалақ ойынының ережесін түсіндіріп, үйрету жұмыстары қолға алынды.

Ардагерлер бұл игі бастаманы өте орынды дейді.Себебі зейнет жасындағы олар үшін бос уақыттарын тиімді пайдаланып, салауатты өмір салтын ұстануды көздейді.

Сондай-ақ,  шара барысында Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ұстаздары «Үшбас» спорттық асық ойынын жиналған көпшілікке таныстырды. «Үшбас» асық ойыны және оны ойнайтын жер түрлі идеяларды қамти отырып, қазіргі заманға лайықты етіп жасалған. Ол шахмат тақтасына ұқсас жиналмалы үстел үстінде ойналады. Көлемі 1 х 1 метрді  құрайды, көтеріп жүруге ыңғайлы, жоғары беті ұлттық нақышта жасалған.

Ұйымдастырушылардың  айтуынша, қазіргі таңда тоғызқұмалақты үйренуге талаптанушылардың қарасы көп екен. Бәлкім болашақ чемпиондар осы спорттың қыр-сырын енді үйреніп жатқан да болар.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.