Табыс пен тұрмыс сапасын көтеру – маңызды міндет | arainews.kz

Табыс пен тұрмыс сапасын көтеру – маңызды міндет

167

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің әр Жолдауында елімізді даму даңғылында қарышты қадам бастыру амалдарын қарастырып, нақты тапсырмалар жүктеп келді. Саяси құжатта көрсетілген жұмыс бағыттары экономикалық өсімге жол ашып қана қоймай, халықтың тұрмысы мен өмір сапасын арттыруға бастап келеді. Сол себепті, тапсырмалардың орындалуы аса маңызды. Сондай-ақ, құжаттың ел ішінде түсіндіріп, бұқараға кеңінен насихатталуы қажет.

Бұл ретте, Тараз қаласында Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Осы мақсатта күні кеше бесінші түсіндіру тобының мүшелері №5 қалалық емхана қызметкерлерімен кездесті, – деп хабарлайды «Arainews» ақпарат агенттігі.

Басқосуға партия филиалы бақылау комиссиясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестердің төрағалары мен мүшелері, қалалық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшелері, БПҰ төрағалары мен «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері қатысты.

Жиынды қалалық мәслихаттың хатшысы, топ жетекшісі Батырбек Құлекеев жүргізді. Өз сөзінде Батырбек Әбдірәсілұлы саяси құжат елдің экономикалық дамуына және Қазақстан халқының тұрмысы мен әл-ауқатының артуына байланысты келелі мәселелерді қамтып отырғанын айтып, міндетіміз – қысқа уақытта аталған тапсырмаларды жүзеге асыру екенін жеткізді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.