ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қожахан Жабағив пен Әбдіманат Бектұрғанов облысымызда жұмыс сапарымен болып, бірқатар әлеуметтік-өндірістік нысандардың жұмысымен танысты.
Халық қалаулылары алдымен Тараз қаласындағы «Көкжиек-2030» ЖШС-на ат басын тіреді. 2007 жылы құрылып, өткен жылы қайта кеңейтіліп, модернизациялаудан өткен сүт өнімдері зауыты бүгінде тәулігіне 80 тонна сүт ұқсатып отыр. Айта кеткен жөн, зауыт шикізатты жергілікті өндірушілерден сатып алады. Бұл сүт өндіретін шаруашылықтар мен ауыл тұрғындары үшін аса тиімді. Өнімнің барлығы табиғи шикізаттан дайындалатындықтан, сапасы да жоғары. Болашақта тағы 10 кооперативпен бірігіп, сүт өнімдерінің көлемін еселемек ниетте. Ал жұмыс сапарымен келген депутаттар коперативтің құрылуы, ауыл халқының оған бірігуі табыстың негізгі көзі екенін атап өтті.