Азаматтарға жер телімдерін беру жұмыстары жалғасын табады | arainews.kz

Азаматтарға жер телімдерін беру жұмыстары жалғасын табады

217

Облыс орталығында жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімдерін алуға  71 493  азаматтар кезекте тұр. Жер кезегінде тұрған азаматтарға алдағы уақытта жер телімдерін беру үшін 4 алаң дайындалуда.  Олар, А. Асқаров көшесінің соңында, «Хамукат», «Қарасай», «Құмшағал» және «Шалғай Қарасу» алқаптарындағы 932,6 гектар, бұл жерде барлығы 3 752 кезекте тұрған азаматтарды жермен қамту жоспарлануда, – деп хабарлайды «Arainews» ақпарат агенттігі.

Бұдан бөлек, 2012 жылдан бері «Көлтоған» алқабының маңындағы 250 гектар алаңында бөлінген 1232 жер телімдерін түгендеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде пайдалану мерзімі өткен 127 жер учаскілері мемлекет меншігіне қайтарылды. Осы жерлер кезекте тұрған азаматтарға қайта берілетін болады.

Облыс орталығында, бұдан бөлек, тұрғын үйлерді кондоминиум нысандары ретінде тіркеу жұмыстары да жалғасын табуда. Қала бойынша тұрғын үй қорына кіретін 1 284 көппәтерлі тұрғын үйлер бар болса, кондоминиум нысаны ретінде Әділет басқармасында 951 көп пәтерлі тұрғын үй тіркелген. Бұл 83,9 пайызды құрайды.

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі  бағдарламасының тұрғын үй қорын қайта жаңғырту тетігін іске асыру басталған кезеңде, 516 кондоминиум нысандары күрделі жөндеуді қажет еткен болса, 2011-2015 жылдары  республикалық бюджет есебінен жалпы 2 млрд. 158 млн. теңге қаражат бөлінген. Осы қаражат есебінен және 748,0 млн. теңге қайтарым қаражат есебінен  2011-2018 жылдары аралығында 221 үй жөндеуден өткен .

Ал, 2019 жылы қала бюджетінен 190,0 млн. теңгеге 7 үй  және қайтарым қаражат есебінен 5 үй,  яғни 12 үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.